Салық төлеушілер үшін е-үкімет акциясының аясында финалдық ұтыс ойыны өтті

Жариялау күні: 2013 жылғы 18 қараша

Бүгін Астанада Қазақстанның электрондық үкіметінен «Салық төле де – сыйлық ал» акциясының соңғы ұтыс ойыны өтті. Оның қорытындысы бойынша 16 смартфон және ЭЦҚ-мен жұмысына арналған 50 картридерлердің иегерлері анықталды. Ұтыс ойынының барлық қатысушылары 2013 жылы eGov.kz порталы арқылы көлікке, жерге немесе мүлікке салықты төлегендер.

Іс-шараға еліміздің барлық қалаларының  тұрғындарының қатысу мүмкіндігі болды, ол үшін оларға өз қаласындағы бейнеконференцбайланысы бар ХҚКО-на бару жеткілікті болатын.

Акцияның қорытынды  кезеңінде Маңғыстау облысының тұрғындары  ерекше қызығушылық танытқанын айта кеткен жөн, өйткені бірінші және екінші ұтыс ойындарында  өтінімдердің көп саны Ақтөбе және Қарағанды облыстарынан келіп түскен болатын. Барлық үш ұтыс ойындарына е-үкімет порталының 1000 астам пайдаланушылары қатысты.

Акцияны өткізу кезеңінде өткен жылғы балама кезеңмен салыстырғанда egov.kz арқылы транзакциялардың саны 7 есеге артты. Төлем сомалары да ұлғайды: 2012 жылғы 3 қыркүйектен 18 қарашаға дейінгі аралықта  салықтар 10 996 858 теңгеге төленсе, 2013 жылғы осы кезең үшін  81 115 286 теңге төленген.

Қарашада салықтар төлемі бойынша ең танымал болған көлік салығы. 2012 жыл үшін  портал арқылы 7 530 транзакцияға - 53 953 131 теңге салық төленді. 2013 жылдың басынан 17 қарашаға дейін 30 800 транзакцияға  үшін 197 515 005 теңге.

Анықтама:

«Салық төле де – сыйлық ал» акциясы 2013 жылғы 3 қыркүйекте басталды. Оған ағымдағы жылы egov.kz порталы арқылы салық төлеген электрондық үкімет порталының әр пайдаланушысы қатыса алды. Шамамен 200 бағалы сыйлықтар ойнатылды, оның ішінде: 16 планшеттік компьютер, 16 цифрлық фотоаппарат, 16 смартфон, 150 картридтер. Ұтыс ойындары күздің әр айының 18 жұлдызы күні өтті.

Акция жеңімпаздарының тізімі е-үкімет порталының «Өз жүлдеңді ал!» тарауында қолжетімді.