Айқын Төлепберген электрондық үкімет пайдаланушыларының арасында ұтыс ойындарының жеңімпаздарын құттықтады

Жариялау күні: 2013 жылғы 18 қазан

Бүгін Астанада Қазақстанның электрондық үкіметінің «Салықты төле – сыйлықты ал» күзгі акциясының аясында екінші ұтыс ойыны өтті. Қазан айында өз өтінімдерін берген еgov.kz порталының 509 пайдаланушыларының арасында 16 цифрлық фотоаппараттар және жеке куәліктің чипінде жазылған электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс жасау үшін 50 картридерлер ойналды.

Танымал қазақстандық орындаушы Айқын Төлепберген лототронның көмегімен жеңімпаздардың есімдерін анықтады. Бұл ретте портал мүмкіндіктерін жиі және жетістікті пайдаланатынын атап өтіп, е-үкіметтің қаншалықты ыңғайлы екендігі туралы халыққа айтып, ойынға қатысуға әншінің өзі тілек білдірген. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауымен «ҰАТ» АҚ ұйымдастырған іс-шараға сондай-ақ ҚР ҚМ Салық комитетінің өкілдері де қатысты.

Ұтыс ойынының барысын іс-шараға шақырылған Астаналық қатысушылар ғана емес, сонымен қатар елдің облыс орталықтарындағы ХҚКО-ғы бейнеконференцбайланыс жүйесінің көмегімен – Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі пайдаланушылар да қадағалай алды.

Алдыңғы қыркүйектегі ұтыс ойынында 264 өтінімдер тіркелгендігін атап өтеміз. Қазанда қатысушылар 2 есе көп болды. Үздіктер – Қарағанды, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары.

Еgov.kz арқылы салықтарды төлеу транзакциясының сомасы айтарлықтай өскен: қазан айындағы акцияның жарты айы ішінде транзакциялар саны іс жүзінде өткен жылғы 6 айдың санына тең (2 635 және 2 997 сәйкесінше). Қазандағы салық төлемдерінің сомасы 17 424 446 теңгені құрады.

2013 жыл үшін салық төлеген электрондық үкімет порталының пайдаланушылары үшін келесі сыйлықтар ұтыс ойыны қараша айында болады. Ол осы акция аясындағы соңғысы болмақ.

Әр айдың қорытындылар бойынша жеңімпаздардың тізімін электрондық үкімет порталында және 1414. Бірыңғай байланыс орталығының операторларынан алуға болады.

Анықтамалық: 

Салықтарды төлеу жөніндегі қызметтер 2010 жылғы қыркүйектен бастап пайда болды.
Портал арқылы салықтың 3 түрін төлеуге болады – мүлік, көлік және жер салығы.
Іске қосылған кезден бастап 216 млн. теңгеге жуық сомаға салықтар төленді.
2010 жылы - 5,7 млн. теңге, 2011 жылы - 13,5 млн. теңге, 2012 - 54 млн. теңге, 2013 жылдың 9 айы ішінде - 142,5 млн. теңге.