eGov.kz фотосуреттерінің шығармашылық конкурсы

Жариялау күні: 2013 жылғы 14 қараша

Өтінімдердің көп санына байланысты eGov.kz фотосуреттер конкурсы жалғасады. Өтінімдерді қабылдау 28 қарашаға дейін ұзартылды.

Бүгін, 14 қарашада порталда жаңа шығармашылық конкурсы – фотосуреттер конкурсы басталады.

Оған eGov.kz порталының Қазақстан аумағында орналасқан әлеуметтік желілеріндегі  ресми аккаунттардың барлық жазылушылары қатыса алады. Біздің аккаунттардың веб-мекенжайлары портал бетінің төменгі бөлігінде белгіленген.

Конкурс шарты өте қарапайым – қатысушыларға иллюстрация ретінде біздің порталдың қандай да бір пайдалы мақаласына фотосурет ойлап, жасап, құрастыру керек. 2-3  мақалаға бір фотосуреттен жасап, оларды бізге жіберу жеткілікті.

Конкурс шарттары туралы неғұрлым толығырақ біз ұжымдық блогта жаздық.

Фотоиллюстрациялар жасауға болатын мақалалар тізімі

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

  • Жіберілетін фотосуреттер жақсы сапада, JPG/PNG пішімінде, 800х600 мөлшерде 1280х1024 пикселге дейін болуы керек және бұрын ешқайда жарияланбаған болуы шарт.
  • Фотосуреттер қорлау сипатына ие болмауы және тыйым салынған/қажетсіз сипаттағы ақпаратты қамтымауы тиіс.
  • Конкурсқа қатысу арқылы пайдаланушылар барлық фотосуреттердің eGov.kz порталында пайдалы мақалаларға иллюстрация ретінде пайдаланылу құқығына өз келісімін растайды. Олардың авторлығы осы материалдарда міндетті түрде айтылатын болады.
  • Қатысушылар фотосуреттерді біздің электрондық мекенжайға жібереді - anar.magzumova@nitec.kz. Жұмыстарды жіберу кезінде ТАӘ, байланыс телефонын және әлеуметтік желідегі жеке аккаунт мекенжайын көрсету қажет. Сондай-ақ әр фотосуреттің қатыстылығы бар пайдалы мақаланың атауын міндетті түрде көрсету керек. Фотосуреттерді жіберуде сығуға болмайды.

Фотоиллюстрацияларды құрамында кәсіби фотограф – Дамир Өтеген (Vox Populi) бар әділ қазылар бағалайтын болады.

Фотосуреттің ең ерекше  тәсілі үшін таңдалған қатысушы конкурс жеңімпазы болып, басты сыйлық – планшетті алады.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз және сіздердің жұмыстарыңызды тағатсыздана күтеміз!