EGOV.KZ – 8 жыл!

Жариялау күні: 2014 жылғы 11 сәуір

12 сәуірде egov.kz электрондық үкімет порталына 8 жыл толады.

Порталдың даму жылдарында ол өзінің тиімділігін дәлелдеуде, жыл сайын көрсетілетін қызметтер мен порталды пайдаланушылардың саны артуда. 2014 жылғы бірінші тоқсанда порталға 1,5 млн. жуық адам кірген – 1 458 177 бірегей пайдаланушылар, алдыңғы жылдағы осыған ұқсас мерзіммен салыстырғанда үш есе көп – 507 741. Тіркелген пайдаланушылардың саны бірінші тоқсанда 336183 құрады, 2013 ж. 1 тоқсанда олардың саны 243 259 құрады.

Бүгінгі күні еліміздің азаматтарына 121 мемлекеттік қызметтер онлайн форматта қолжетімді. Одан басқа,  49 сервис, мемлекеттік жинақтардың 21 түрін төлеу, мемлекеттік баж салығының 17 түрі, салық төлемдерінің 4 түрі, коммуналдық қызметтердің 3 түрі, ЖҚЕ бұзғандығы үшін айыппұлдарды төлеу, сондай-ақ электрондық лицензиялаудың 81 қызметі.

Порталда бірінші тоқсанда барлығы 8 188 071 қызмет – 8-жылдық мерейтойда
8 миллион қызмет көрсетілді.

Порталдың ең танымал қызметтерінің арасында: мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы мен зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы.

Порталда қызметтерді алудан басқа азаматтар порталдың ақпараттық ресурстарына жүгінеді. Миллионанн астам адам бірінші тоқсанда әртүрлі өмірлік жағдайларда әрбір азаматқа көмек көрсете алатын мақалалармен порталға кірді. Мысалы, үйдің құрылысын қалай ресімдеу қажет және декрет демалысына шыға отырып мемлекеттік қандай көмегіне сенуге болады.

Порталдың бүгінгі күнгі мүмкіндіктері азаматтарға өз уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, порталда бизнесті 1 күнде тіркеуге болады. Шетелдік қонақты мемлекеттік органда тіркеуге немесе дербес несие есебін 15 минутта алуға болады. Балабақшаға кезекке тұру, коммуналдық қызметтерді, айыппұлдарды, салықтарды төлеу– бұл барлық сұрақтардыүйден шықпай-ақ шешуге болады.

Қазақстанның электрондық үкіметі жоғарғы бағаны халықаралық деңгейде де алуда. 2012 жылы Электрондық үкіметті дамыту жөніндегі БҰҰ рейтінгісінде Қазақстан е-қатысу индексі бойынша 2 орынды алды.Бүкіләлемдік экономикалық форумның соңғы есебіне сәйкес, желілік даярлықтың әлемдік индексінде Қазақстан 2012 жылмен салыстырғанда 12 позицияға көтеріліп, 43 орынды алды. Осылай ТМД елдерінің арасында ең жоғары позицияны алды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, электрондық үкімет біздің елді мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға тікелей жәрдемдеседі. «Осы бағытта жұмыс жасай отырып, біз бұрыштың басына нәтижені қоямыз» - деп қосты Б.Мусин.

Egov.kz 8 жылдығына орай электрондық үкімет командасы танымдылық ойынын жүргізеді. 2004 жылғы 11, 14, 15, 16 және 17 сәуірде Орда FM радиостанциясының тыңдаушылары сұрақтарға жауап бере отырып, жүлде ұта алады.