eGov-тан журналистер және блогерлерге арналған конкурс жалғасуда

Жариялау күні: 2013 жылғы 2 қазан

Әрбір журналист жаңа материалды құра отырып осы сюжет барлығы үшін қызықты және ең болмаса бір адам үшін пайдалы болғандығын қалайды. ҚР электрондық үкіметі порталының қызметін ең үздік жариялау конкурсы осы тілекті жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар мойындау мен жағымды сыйлық алуға мүмкіндік береді.

eGov туралы 2013 жылы қазақ немесе орыс тілдерінде эфирге шыққан немесе жарияланған материалдары бар әрбір қазақстандық журналист және блогерлер қатыса алады.

Конкурстық іріктеу бес номинациялар бойынша жүргізіледі: 

  • «Ең үздік телевизиялық сюжет»;
  • «Ең үздік радиоматериал»;
  • «Ең үздік баспа немесе интернет-басылымдардағы  материал (материалдар сериясы)»;
  • «Ең пайдалы блог»;
  • «Ең үздік әуесқой бейне ролик».

Әрбір санаттың жеңімпазына құрмет грамотасы және ноутбук табысталады.

Үздік жұмыстар құрамына «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің өкілдері және БАҚ саласындағы тәуелсіз сарапшылар кіретін әділ қазылардың дауыс беруімен анықталатын болады.

Конкурстық материалдарды бағалау критерийлері нақты статистика мен айғақтарды келтіріп, электрондық үкімет жобаларын тікелей жариялау ғана емес тақырыптың көпшілік қауым үшін өзектілігі болмақ. Сондай-ақ ресми тұлғалардың, әзірлеушілердің, сарапшылар мен е-қызметтерді тұтынушылардың пікірлерін білу де маңызды. «Ең пайдалы блог» және «Үздік әуесқой ролик» номинацияларында әділ қазылар барлығынан бөлек, авторлық тәсіл мен жаңашылдыққа да ерекше назар аударады.

Конкурстық жұмыстарды тапсыру кезінде қатысушыларға интернетке жарияланған мақаланың скан-нұсқасын немесе материалдың аудио-бейне жазбасын немесе сілтемені (блогқа, бейнероликке) қоса тіркеу қажет. 

Барлық материалдарэлектрондық форматта stambekov_o@nitec.kz пошталық жәшігіне қабылданады, қабылдау 2013 жылғы 7 қарашаға дейін жүргізіледі. Алу мәртебесін 8 (7172) 74-05-96 телефоны бойынша нақтылауға болады.