Электрондық үкімет порталының пайдаланушылары арасында қазан айында цифрлық фотоапараттар және картридтер ұтысы ойналады

Жариялау күні: 2013 жылғы 1 қазан

Қазақстанның электрондық үкіметінен «Салық төлеп – сыйлық ал!» акциясы жалғасуда. Келесі ұтыс ойыны EGov порталы немесе мобильдік қосымшасы арқылы салықтарды 2013 жылы төлеген пайдаланушылардың арасында 18 қазанда өтеді. Бұл күні жеке куәліктің чипіне жазылған ЭЦҚ-мен жұмыс жасау үшін 16 цифрлық фотоаппараттар және 50 картридтер ұтысқа түседі.

Қатысуды қалайтындар үшін 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс-орталығына (Қазақстан бойынша тәулік бойы және тегін) қоңырау шалу және операторға өз төлеу чегіңіздің бірегей кодын, төлеген күнді және ЖСН айту, сондай-ақ байланысу үшін байланыс деректеріңізді қалдыруыңыз қажет. Әрбір өтініш білдірушіге жеке тіркеу нөмірі беріледі, ол бойынша ұтыс ойнатылады.

Өтінімдерді тіркеу 17 қазанда сағат 13:00-ге дейін жалғасады.

18 қазанда, ұтыс күні жеңімпаздардың анықталу барысын қадағалап, қатысушылар бейнеконференциябайланыс орнатылған ХҚКО келе алады. Қазақстан қалаларындағы осындай халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы н 1414 телефоны бойынша анықтауға болады.

Осы акцияның аясында бірінші ұтыс ойыны 18 қыркүйекте өткендігін естеріңізге саламыз. Оның қорытындысы бойынша 16 қатысушылар планшеттік компьютерлердің иегерлері атанды және тағыда 51 пайдаланушылар картридтер алды.

"Салық төле де, сыйлық ал!" конкурсының І кезеңінің жеңімпаздарының бірі

*Назар аударыңыздар: өткен ұтысқа қатысқан чектер қайтадан қатыса алмайды. Қыркүйектегі жеңімпаздар сонымен қатар кейінгі айлардағы акцияларға қатыспайды.