АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Жариялау күні: 2022 жылғы 15 шілде

Қазіргі уақытта 1414 байланыс нөміріне eGov.kz порталында «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік қызметінің қолжетімділігіне қатысты көптеген хабарламалар мен сұраныстар келіп түсіп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (қазіргі уақытта ҚР  Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігі) ақпараттық жүйесіне байланысты мемлекеттік қызмет eGov.kz порталында қолжетімсіз екенін және бұл қызметті іске қосуға дайын еместігін хабарлаймыз.

Осыған байланысты қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті) мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, 8 (7172) 742284 , 741739 және «Ұлттық тестілеу орталығы» МКҚК байланыс орталығы – 8 (7172) 695069. Сондай-ақ, университеттердің қабылдау комиссияларына хабарласуға болады (виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі http://www.testcenter.kz сайтында орналасқан).

Құжаттар 2022 жылдың 13 шілдесі мен 20 шілдесі аралығында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы қабылданады.