Жаздың басынан бастап egov арқылы көлік жүргізуге 10 мың сенімхат алынды

Жариялау күні: 2014 жылғы 26 тамыз

Еgov.kz порталы арқылы жаздың алғашқы екі айы бойынша көлік жүргізуге 10 мыңға жуық сенімхат ресімделді. Қызмет маусым айының басында іске қосылғанына қарамастан, танымал қызметтердің қатарына қосылды.

Онлайн тәртібінде алынған сенімхат саны мамандырылған ХҚКО көрсеткішімен салыстырғанда 2 есе артық: ХҚКО 5,5 мың сенімхат тіркелген.

Электрондық тәсілмен алудың танымалдылығы оның қарапайымдылығы мен ыңғайлылығымен айқындалады: ол үшін тек интернетке қолжетімділік пен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет, нотариусқа және жол полициясына жүгінудің қажеті жоқ. 

Ағымдағы жылы электрондық үкімет порталы мен ХҚКО арқылы  70 мыңға жуық адам жүргізуші куәлігін алған. 

Жыл басынан бастап egov арқылы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жарты миллиардқа жуық теңге төленді, бұл соманың төрттен бір бөлігінен артығы шілдеде түсті. 

Электрондық үкімет порталында автомобильшілер үшін электрондық қызметтерді «Көлік және коммуникация»  - «Автомобиль көлігі» тарауынан табуға болады. Пайдаланушылар барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады, қоңырау бүкіл Қазақстан бойынша тегін.