Еgov.kz порталы арқылы 15 минутта кредиттік тарих

Жариялау күні: 2013 жылғы 13 қыркүйек

Электрондық үкімет порталы «Дербес несие есебін алу» жаңа қызметін іске қосуда. Еgov.kz. порталын әрбір қолданушы өзінің кредиттік тарихын 15 минут ішінде тексере алады. Қызмет «Салық және қаржы» тарауының, «Экономика және қаржы» бөлімінде орналасқан.

Есепті алу үшін Қазақстанның белгілі бір банкінің төлем картасы мен электрондық-цифрлік қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болу керек.

Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңының 21бабының 2 тарауы бойынша кредиттік тарих субъектісі, өзі туралы кредиттік есепті күнтізбелік жыл ішінде бір рет тегін алуға құқылы.

Осы қызмет бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде қайталап жүгінген жағдайда, төлем 500 теңге (кредиттік бюро тарифі 400 теңге және 100 теңге порталдың төлемдік шлюзі арқылы төлем жасалғандығы үшін банктің комиссиясы) болады.

Жеке кредиттік есептемеде қарыз алушы жайлы жәнеоның оған берілген міндеттемелерді орындауы туралы, тауар немесе қызметтерді несиеге ұсынатын, екінші деңгейдегі банктерден, лизигтік және тағы басқа да компаниялардан келіп түсетін, толық ақпараттар бар болады.

Карыз алушының банктерден және басқа да несиелік ұйымдардан оған түскен, кредиттік тарихындағы сұраныстар саның көруге мүмкіндік береді.

Кредиттік есеп беру қызметі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Алғашқы несиелік бюросы» ЖШС мамандарымен жүзеге асырылған.

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы, сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс атқаратын call-орталығынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады. Ұялы  немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.