Ашық деректер негізінде мобильдік қосымшаны әзірлеуге конкурс жарияланды

Жариялау күні: 2014 жылғы 12 қыркүйек

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ www.data.gov.kz порталы ашық деректерін пайдаланумен мобильдік қосымшаны әзірлеуге студенттердің арасында конкурс жариялайды

Ашық деректер порталының мақсаты – деректерді пайдалану арқылы мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіншілігін қоғамға беру және оның негізінде қосымшаларды құру, жан-жақты талдауларды және зерттеулерді өткізеді.

Конкурс арқылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) портал мүмкіншілігін көрсетумен ғана тырыспайды, жаңа пайдалаы қосымшалар мен сервистерді құруға жастарды ынталандырады. Қосымшаға авторлық құқық әзірлеушіде қалады.

Конкурсқа ЖОО студенттері қатыса алады. Бұл ретте жасы және оқу бағдарламасы маңызды емес.

Конкурстың жүлде қоры:

  • 1 орын– MacBook Air;
  • 2 орын – Apple iPad Air;
  • 3 орын – Apple iPad mini.

Қатысушыларға АРІ арқылы data.gov.kz порталында орналастырылған ашық деректерді пайдаланумен iOS (6+ болжама) немесе Android (4+ болжама) мобильдік платформалары үшін мобильдік қосымшаны әзірлеу қажет. Интерфейстің мултитілділігі көрсетіледі, алайда ол міндетті емес.

Конкурсқа қосымшаларды жөнелтудің қолайлығы үшін АРК-файлы түрінде (Android қосымшасы үшін) / IPA-файлда (iOS қосымшасы үшін), жібере немесе testflightapp.com портал арқылы бере алады (қажетінше құрылғының сәйкестендірушісі берілетін болады).

Конкурстың барлық қатысушылары «ҰАТ» АҚ арнайы бөлінген мамандарынан туындаған сұрақтарға консультацияны және жауаптарды алуға болады.

Әзірленген қосымшаны 2014 жылғы 29 қыркүйекке дейінгіні қосқанда OPENDATA@nitec.kz электрондық адресіне жіберу қажет.

Конкурсқа қатысатын барлық мобильдік қосымшалар келесі құрамдағы құзыретті төрешілер бағалайтын болады.

  • Асель Молдабекова – «ҰАТ» АҚ Басқарушы директоры
  • Таир Сабыргалиев – «ҰАТ» АҚ бас сәулетшісі
  • Александр Требухин – «АКТ дамыту қорының» атқарушы директоры
  • Улан Каражигитов – BFF.kz жетекшісі
  • Самсон Безмятежный – блогер
  • Тимур Кубеков – блогер

Бағалаған кезде идеялар, әлеуметтік маңыздылығы, коммерциялаудың функционалдылығы және перспективаларының түпнұсқалығы ескерілетін болады.

Конкурстың нәтижесі 2014 жылғы 6-7 қазанда Электрондық үкіметтің ғаламдық форумын өткізудің уақыты жарияланатын болады.

Қосымша хабарлама - www.data.gov.kz.