«Ашық диалог» порталы модификациясы.

Жариялау күні: 2019 жылғы 4 қаңтар

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ашық үкімет» модулінің (https://open.egov.kz/) «Ашық диалог» (https://dialog.egov.kz/) порталының модификациясы туралы хабарлайды.

Енді порталда келесі сервистерді пайдалану мүмкіндігі бар:

  • Кеңейтілген іздеу және фильтр, пайдаланушыларға үш негізгі сервисте түрлі параметрлер бойынша деректерді жылдам табуға мүмкіндік береді:
  • МО басшыларының блогтары,
  • интернет-конференциялар,
  • сауалнамалар.
  • Мемлекеттік органдардың берілген өтініштерге жауаптарын бағалау, азаматтарға мемлекеттік органдардың жауаптарының сапасын бағалауға, деректерді жинауға және порталдың басты бетінде мемлекеттік органдар мен санаттар бөлінісінде статистика түрінде шығаруға мүмкіндік береді.
  • Заңды тұлғаның атынан өтініш беру мүмкіндігі.
  • Өтініш беру кезінде бірнеше файлдарды тіркеу. Бұл модификация пайдаланушыларға өтініш берген кезде doc, docx, rtf, pdf, jpg, jpeg, bmp, png, tif, xls, xlsx форматтағы файлдарды біреуден аса тіркеуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге саламыз, «Ашық Диалог» порталы - халық пен мемлекет арасында диалог жүргізуге, қашықтық, кезек, міндетті шарттарға сәйкестігі туралы хабардар болмауы сияқты тосқауылдарды болдырмауға арналған ашық алаң.

Анықтама:

Порталдың негізгі мақсаты азаматтарды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тарту болып табылады.

* * * * *

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – «электрондық үкіметтің» инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, Деректер қорындағы («Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Мекенжай тіркелімі», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Е-лицензиялау», «Е-тқарап-тексеру») ақпараттың қауіпсіз сақталуына жауап береді. Халықпен, яғни клиенттермен қызмет бұл – «Электрондық үкімет» (egov.kz) және «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы, телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығы.