Жылжымайтын мүлік иелеріне eGov арқылы тіркеуден шығару қолжетімді

Жариялау күні: 2018 жылғы 24 желтоксан

24.12.18 ж., «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Тұрғын үй иесінің өтініші бойынша азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Енді, әрбір жылжымайтын мүліктің иесі үйден шықпай, пәтердегі тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеу есебінен шығару мүмкіндігі бар.

Ол үшін eGov.kz порталындағы қызметке өтіп және жылжымайтын мүліктің орналасқан өңірін таңдау жеткілікті. Бұл ретте, өтінішті растау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) фронт-офистеріне жүгінудің қажеті жоқ.

Бұл қызметті алу үшін eGov.kz порталында тіркелу қажет екенін есіңізге саламыз. 

Қызметтің нәтижесімен «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде танысуға болады.

Қызмет көрсету нәтижесі азаматтың тіркеуден шықан мәртебесі көрсетілетін құжаттың дайындығы туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

Бұрын осы қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ғана көрсетілгенін атап өту қажет.

Анықтама: Егер де, тіркелген жеке тұлғалардың мекенжай мәліметтерінде мекенжайды тіркеу коды (МТК) болмаған жағдайда, онда осы тұлғалар тіркелген тұлғалар тізімінде көрсетілмейтіндігіне назарыңызды аударамыз.