«Ашық НҚА» порталында деректерді кеңінен іздеу және оны реттеу іске асырылды

Жариялау күні: 2019 жылғы 3 сәуір

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ "Ашық НҚА" компонентінің жаңартылуы туралы хабарлайды (https://legalacts.egov.kz/).

«Ашық үкімет» компоненті – «Ашық НҚА» порталы қоғамдық талқылау және ескертулер мен ұсыныстарды пысықтау үшін ашық заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен НҚА жобалары бойынша түсініктемелер жинау және түсініктемелерге жауаптар қалыптастыру түрінде ақпаратты қамтиды.

Пайдаланушылардың қажетті ақпаратты іздеуін, сұрыптауын, реттеуін  оңайлату мақсатында «Ашық НҚА» порталында қажетті параметрлер бойынша реттеуіштерді пайдалана отырып, кеңейтілген іздестіруді жүзеге асыру мүмкіндігі іске асырылды.

Кеңейтілген іздестіру көмегімен қажетті ақпаратты іздеуге болады, бұл өз кезегінде іздестіру сұрауын нақтылауға мүмкіндік береді, атап айтқанда, НҚА түрі, мәртебесі, әзірлеуші мемлекеттік орган, НҚА жобаларын жариялау санаты және кезеңі бойынша іздестіруді шектеуге мүмкіндік береді.

Анықтама:

"Ашық НҚА" порталында 38000 астам НҚА жобалары жарияланды.