"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-на алғыс білдірді

Жариялау күні: 2019 жылғы 24 сәуір

Бүгін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұмыскерлері Волкова Анастасия, Ларцов Николай, Қарашева Ляззат, Мейрманов Нұржан «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жүйелерін дамытуға қосқан үлесі мен көмегі үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ермашов Роман Сергеевич «KazSat» ұлттық спутниктік байланыс жүйесін құру кезінде қосқан үлесі үшін жұмыскерлерді жеке өзі марапаттады.

Роман Сергеевич «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға көмектескеніне алғысын, сондай-ақ одан әрі жемісті, өзара ынтымақтастыққа үмітін білдірді.

Сондай-ақ компанияға  «Қазақстан Республикасының ғарыштық байланысына 15 жыл» мерейтойлық медальдары жіберілді.