Архивтік анықтамаларды беру мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін қысқарады

Жариялау күні: 2018 жылғы 8 қараша

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің архивтік шегінде архивтік анықтамаларын және/немесе архивтік құжаттарының көшірмесін беру бойынша көрсетілетін қызметін іске қосты.

Бұрын осы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ғана көрсетілгенін атап өту қажет.

Енді, қызмет пилоттық режимде eGov.kz порталында өтінім беру бөлігінде қолжетімді, сонымен қатар анықтаманы алу мерзімі 47  күннен 10 күнтізбелік күнге дейін қысқарды.

Бірақ қызметтің нәтижесін «Азаматтарға арналған үкімет» МК фронт-офисінен алу қажет.

Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында тіркелу қажет.

Қызметті онлайн алу үшін eGov.kz порталында  логин және пароль арқылы немесе ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өту және әрі қарай «Құқықтық көмек» бөлімді ашу, «Апостиль қою» кіші бөліміне өтіп, «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің архивтік шегінде архивтертік анықтамаларды және/немесе архив құжаттарының көшірмесін беру» қызметі атауын таңдау қажет.