Енді айыппұл төлеу eGov.kz мобильді баланстан алуға болады

Жариялау күні: 2019 жылғы 27 маусым

27.06.2019 ж. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Қазпочта» АҚ eGov.kz  порталында ұялы телефон балансы арқылы айыппұл, баж салықтарын және тағы басқа төлемдерді төлеу сервисін іске қосты.

Баланста жеткілікті қаражатына ие бола отырып, KCell және Билайн мобильді операторларының абоненттері айыппұлдарды, баждарды және тағы басқа төлемдерді банктік картаны қолданусыз төлей алады.

Ол үшін порталдағы белгілі бір қызметті алу барысында «Ұялы телефон балансының көмегімен төлеу» тәсілін таңдау керек.

Өз деректерін және ұялы телефон нөмірін енгізген кезде абонент бір реттік SMS-паролін растағанда, нәтижесінде айыппұлдың онлайн-төлемі жүргізілетін болады. Мұнымен қоса, төлем туралы чек порталдағы "жеке кабинетте" сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған жаңа тәсілден басқа төлем картасының немесе электрондық әмиянның көмегімен төлем жасауға болады.