Ақпараттық хабарлама

Жариялау күні: 2019 жылғы 22 ақпан

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2019 жылғы 23 ақпандағы сағат 21:00-ден бастап 24 ақпандағы сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік органдардың Серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыс жүргізілгендігі туралы хабарлайды.

 

Осыған байланысты, келесі интернет ресурстары қолжетімсіз болады:

- «Электрондық үкімет» порталы;

- «Мобильді үкімет» қосымшасы;

- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;

- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;

- «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;

- Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.

 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!