АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Жариялау күні: 2022 жылғы 3 тамыз

Қазіргі уақытта eGov.kz Электрондық үкімет порталы компоненттері, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильдік қосымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы қызметтерінің дұрыс істемеуі байқалады.

Сонымен қатар, ХҚКО-да және ЕДБ-де мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз.

Қазіргі уақытта аталған порталдардың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру күтілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.