Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді

Жариялау күні: 2021 жылғы 28 мамыр

Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары енді eGov.kz көмегімен некені қия немесе бұза алады, баланың тууын тіркей алады, атын, тегін, әкесінің атын өзгерте алады және қайтыс болғаны туралы анықтаманы ала алады. Дайын құжат Қазақстанның шетелдегі елшілігінде немесе консулдығында беріледі.

Көрсетілетін қызметтерді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп іске асырды.

«Біз онлайн форматқа шетелде тұратын отандастарымыздың арасында ең сұранысқа ие қызметтерді енгіздік. Енді қазақстандықтар қажетті құжаттарды eGov арқылы рәсімдеп, оларды тұратын елінен шықпай-ақ ала алады. Қызметтер әлемнің 20 – дан астам ірі еліндегі Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтарын тарта отырып іске асырылды», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

eGov.kz. порталының «Отбасы» бөлімінде Неке қиюды немесе бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тиісті қызметті табу, қажетті жолдарды толтыру және консулдық алым төлемі туралы чекті жүктеу, бұдан әрі ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет. Осыдан кейін ерлі-зайыптылардың бірінің жеке кабинетіне өтінімді келісу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Ол қажетті алаңдарды толтырады және сұрау салуға қол қояды. Қызмет көрсету мерзімі 1 ай.

Шетелде баланың туылуын тіркеу үшін пайдаланушы қажетті алаңдарды толтыруы, сұратылған құжаттарды жүктеуі, консулдық алымды төлеу туралы түбіртек және өтінішке қол қоюы керек. Қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күні. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту үшін Сіз дәл осындай әрекеттерді орындауыңыз керек, бірақ мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.

Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның ЖСН-ін көрсету, қажетті жолдарды толтыру және сұрау салуға қол қою қажет. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.