Біздің санымыз 2 000 000 жетті – ЭЦҚ әрдайым өзіммен бірге!

Жариялау күні: 2013 жылғы 3 мамыр

Біздің санымыз 2 000 000 жетті – ЭЦҚ әрдайым өзіммен бірге

 «ASTEX-2013» (Astana Smart Technologies Exhibition) халықаралық көрме-конференцияның алдында Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде  бейресми eGov party, сыйлықтарды салтанатты түрде марапаттау және электрондық цифрлық қолтанбаны алған мемлекетіміздің 2 000 000 азаматты құттықтау рәсімі өтті.

Сауда компаниясының өкілі Мәриям Ердалиева ЭЦҚ алған 2 000 000- шы азаматша  болып атанды. Өз сөзінде Астанымыздың тұрғыны  е-гов порталын қолданып жүргеніне біраз уақыт болғанын айтты. Алматыда айыппұлдар мен коммуналдық қызметтерді eGov арқылы төлеген. Ал, мекенжай анықтамасын алар кезде портал ЭЦҚ сұрапты. Кейін, өткен дүйсенбіде Мәриям ЭЦҚ алып, қазіргі заманның адамдарына қосылу шешімін қабылдады. Салтанатты жиында арнайы қонақ ретінде Қазақстанның халық әртісі Бақыт Шадаева Мәриәмға «ЭЦҚ 2 000 000–шы алушы» атты куәлік пен жаңа ноутбукты табыс етті. Сонымен қатар, күәлік иегері Мәриям Ердалиева 4 мамырда өзінің туған күнін атап өтеді.

Соңғы уақытта қазақстандықтар электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) кең қолданып жүр.  Қазіргі кезде оны қолданушылардың саны 2 000 000 дейін жетті. Сарапшылардың айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында ЭЦҚ-ны жеке куәлікке жаздырып алу - жаңа қызметтің пайда болу арқасында, ағымдағы жылда ЭЦҚ-ны алған азаматтардың саны елеулі өседі. Бүгінгі күні мемлекетіміздің 229 халыққа қызмет көрсету орталықтарында ЭЦҚ чипке жазылған жаңа жеке куәліктерді беру қызметін көрсетуде. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электрондық үкімет бұрышында әр азамат электрондық қызмет көрсетулер жайлы толық ақпаратты біліп, мамандардан көмек ала алады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшысы Руслан Еңсебаев өз сөзінде, кездесудің бейресми, жеңіл түрде өткізілуін компания атқарып жатқан жұмыстың, яғни электрондық үкіметтің мақсаты – қазақстандықтардың күнделікті өмірде кездесетін сұрақтарды тез әрі оңай шешу болып табылатынын ерекше атап өтті.

Руслан Еңсебаевтың айтуынша, елімізде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен оңтайландыру жұмысы жүргізілуде. Осының нәтижесінде бұрын мемлекеттік органдарда бір айға дейін уақыт алатын сұрақтар бүгінде портал арқылы бір неше сағатта, немесе санаулы күндерде шешімін табуда.  Бірнеше қағаз жинаудың орнына адам тек электронды қолтаңбасын қояды. Осы процесстердің жылдам әрі сенімді өтуіне мемлекеттік деректер жүйелері көмектеседі. Олардың ішінде е-нотариат, е-лицензиялау, мекенжайлар регистрі, жеке тұлғалар мен заң тұлғалар базалары, тағы басқалары бар.

Бәрімізге мәлім, электрондық қызмет көрсетулер біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Бұл саланың мемлекеттік деңгейде дамуы соған дәлел. ASTEX көрмесінің тұжырымдамасы жайдан жай алынған жоқ. Жыл басында Республикамыздың Президенті қол қойған «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының айнадай шағылысы десек те болады. Бұл құжаттың шегінде қалай және қандай нәтижелерге қол жеткізілетіні жайлы нақты түсіндірілуде.

Журналисттердің eGov party деп аталатын бейресми кездесуінде, электрондық қызмет көрсетулер мен алдағы «ASTEX-2013» көрме-конференция туралы сұрақтар қоюларына мүмкіндігі болды. Кездесу соңында қонақтарға арнайы дайындалған IT-тәтті тағамдары ұсынылды.