Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

23 жұмыс  күн

Қызметтің толық атауы
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып).
  3. Меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады.
    Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Қызмет көрсету нәтижесі

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.