Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 сағат

Қызметтің толық атауы
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды тіркеңіз.
  3. Өтінімге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Ұйымдардың тізімі

 

Қызметті мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):

Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың (бұдан әрі - СДБМИ) 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11 сыныптарына оқуға түсушілер үшін:

  1. Ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші.
  2. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке сәйкестендіру нөмірі бар туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін).
  3. Оқуға түсушінің ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  4. Нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы.
  5. Негізгі орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе жалпы орта білім туралы аттестат (10, 11 сыныптарға оқуға түсетін кезде).
  6. Куәліктің немесе мынадай спорттық атақтарды немесе спорттық разрядтарды беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме: "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", "1-разрядты спортшы", "2-разрядты спортшы", "3-разрядты спортшы", "1-жасөспірімдік разрядты спортшы", "2-жасөспірімдік разрядты спортшы", "3-жасөспірімдік разрядты спортшы", мынадай спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың көшірмесі, немесе бұйрықтан үзіндінің көшірмесі.

Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, ал спорттық разрядты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.

  1. 3х4 өлшемдегі алты фотосурет.
  2. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқасы, атап айтқанда, № 075/у нысандағы медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындылары), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасы (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылары, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысы, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде). 
  3. ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда).
  4. Облыстық ОРММИК-ке және СДБМИ-ға оқуға түсушілер үшін бірыңғай аймақтық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе қалалық, немесе аудандық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғандығын куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстың хаттамалардың көшірмелері (бар болған жағдайда).

ОРММИК колледжінің бірінші курсына оқуға түсушілер үшін:

  1. Еркін нысадағы өтініш.
  2. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Жалпы орта білім туралы аттестат.
  4. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болған жағдайда).
  5. "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат" келесі спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың (бұйрықтан үзінді) көшірмесі.

Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.

  1. 3х4 өлшемдегі алты фотосурет.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқасы, атап айтқанда, № 075/у нысандағы медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындылары), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасы (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылары, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысы, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде).
  3. ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда).
  4. Нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.