Жылжымайтын мүлік мекенжайының өзгеруі туралы анықтама

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

портал арқылы:

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - 15 минут.

Мемлекеттік корпорация арқылы:

Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 минут;

Жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және МТК көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да міндетті тіркей отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру - 6 (алты) жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және жіберу.
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) тарауында өңделген анықтамамен танысу.

*Онлайн-қызметті ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша ғана алуға болады, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою үшін осы бет бойынша жүгіну қажет.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүліктің мекен-жайын анықтау туралы анықтама алу үшін (жылжымайтын мүліктің мекенжайын көрсету туралы анықтама (тарихы бар немесе тарихы жоқ), жылжымайтын мүліктің мекен-жайын тағайындау туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің мекен-жайын жою туралы анықтама):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат.

Ескертпе* Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.

Қызмет көрсету нәтижесі

1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;

3) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;

4) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.