Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия беру - 6 АЕК;

Қайта рәсімдеу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы, бірақ 4 АЕК көп емес;

Лицензияға қосымшалар берген кезде лицензиялық алым алынбайды.

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны 5 жұмыс күні ішінде беріледі:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 жұмыс күні;
біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру және әзірлеу - 3 жұмыс күні.

Лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растаған жағдайда заңды тұлға-лицензиатты қайта құру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 5 жұмыс күні:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 жұмыс күні;
біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру және қайта рәсімдеу - 3 жұмыс күні.

Лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растау қажет болмаған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 3 жұмыс күн:
лицензиялау кезіндегі ұсынылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растаған жағдайда:
құжаттардың толықтығын тексеру - 2 жұмыс күні;
қайта рәсімдеу - 1 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.