Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензияны беру – 10 АЕК
Лицензияны қайта рәсімдеу кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен астам емес.

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 6 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні ішінде.
лицензияны бөлу, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғадан бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 6 жұмыс күнінен кешіктірмей.

Құжаттар толық болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша дәлелді бас тартуы – 2 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.