Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны
Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
  3. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  4. Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қауіпті қалдықтардың импортына және экспортына лицензия және лицензияға қосымша немесе мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бастарту туралы дәлелдi жауап.