Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

лицензия беру – 10 АЕК

лицензияны қайта ресімдеу – 1 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

лицензия беру – 2 жұмыс күні

лицензияны қайта ресімдеу – 1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе тіркелу «электрондық лицензиялау» порталында.
  3. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабрламаларым» тарауынан біле аласыз.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тірі жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктер түрлерінің экспортына лицензия, тірі жабайы жануарлар, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер және жабайы өсетін дәрілік шикізат экспортына қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не дәлелді бас тарту хаты.