Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия беру - 10 АЕК

Лицензияны ұзарту - 1 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру кезінде - 2 жұмыс күні
Лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе тіркелу «электрондық лицензиялау» порталында.
  3. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия немесе дәлелді бас тарту хаты.