Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады:

Лазерлік станцияларды тіркеу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттардың көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі.
  3. Бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды техникалық сипаттамаларын және сапасын растайтын құжаттардың (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі) көшірмелері.
  4. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі басылған бұйымдар (құралдар) үлгілерінің әрбір түрінен кемінде екі дана.

Бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тіркеу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттардың көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі.
  3. Бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың техникалық сипаттамасын және сапасын растайтын құжаттардың (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі) көшірмелері.
  4. Бұйымдарды (құралдарды) өндірушілер үшін – Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR) бұйымдардың (құралдардың) тіркеуден өткенін растайтын құжат.
  5. Бұйымдардың (құралдардың) әр түрінен кемінде екі дана үлгісі (бұйымдарды (құралдарды) тіркеу кезінде).
  6. Атрибуттардың әр түрінен бір данасы (атрибуттарды тіркеу кезінде).

Қызмет көрсету нәтижесі

Тіркеуден өткені туралы анықтама және алушының сұранымы болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқордан үзінді - көшірме немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап