Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

14 жұмыс күнi

Қызметтің толық атауы
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

 

Қызметті онлайн алу үшін

  1. Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін www.qoldau.kz сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе бір реттік тіркелуіңіз тиіс).
  2. Өтінімді www.qoldau.kz сайтында толтырып және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыттың ішінде келіп түсетін, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://subsidies.qoldau.kz/kz/subsidies/invest/info

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

Пайдалануға тапсырылмаған инвестициялық жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді:
Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде - қағаз нысанда.

Пайдалануға тапсырылған инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ сатып алынған техника, машина мен жабдық бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінім береді, ол екі кезеңді рәсімдер қолданылмай қаралады:
Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде - қағаз нысанда.

Екінші кезеңде (жұмыс аяқталғаннан кейін) көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді:
Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде - қағаз нысанда.

Өтінімге мынадай растаушы, құқық белгілеуші және (немесе) тіркеу құжаттары қоса беріледі:

  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі - объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе іске қосу кешенін немесе инвестициялық жобаның кезегін пайдалануға беру актісінің (Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмелері;
  2. сатып алушы мен жеткізуші (жабдықтар сатып алу кезінде) арасындағы жабдықтарды пайдалануға енгізу актісінің көшірмесі;
  3. жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және/немесе қағаз түріндегі шот-фактуралардың, төленген төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес субсидиялау көзделген жобалар паспорттары бойынша);
  5. ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;
  6. қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;
  7. инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) Қағидалардың 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес екінші траншты алуға өтінім берген жағдайда, "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) растаушы құжаттарды (бизнес-жоспар, дайын өнімді өткізу бойынша электрондық шот-фактуралар) қоса береді. Бизнес-жоспарда мәлімделген өндірілген өнім көлемін растау үшін мамандар тобы, дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың негізінде, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтінім берген сәтінің алдындағы тоқсан үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) "Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16060 болып тіркелген) бекітілген "Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру туралы есебі" (коды 151103128, индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына (бұдан әрі - өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысаны мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар) сәйкес дайындалатын өндірілген өнім көлемі кемінде 30 (отыз) %-ға жеткені туралы қарап-тексеру актісін жасайды;
  8. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған АӨК cубъектілері үшін);
  9. "Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19994 болып тіркелген) бекітілген "Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп" (индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының көшірмелері.

Көрсетілетін қызметті алушы субсидияны қаржы институтының арнайы шотына аудару тетігін қолдануға арналған өтінімді Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес береді.


Мемлекеттік корпорация арқылы өтінім берілген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) көрсетеді.

Қызмет көрсету нәтижесі

Инвестициялық субсидиялау шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.