Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

400 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін www.dmr.gov.kz сайтында тіркелген болуыңыз тиіс немесе тіркелуіңіз тиіс).
  2. Өтінішті www.dmr.gov.kz сайтында толтырып және оны ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз. Көрсетілген уақыттың ішінде келіп түсетін, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға немесе жер қойнауын пайдаланушының жеке кабинетінде өтінішті өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз http://dmr.gov.kz/.

Лицензия алу үшін:

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:

  1. Өтініш
  2. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініштің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері.
  3. Өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса.
  4. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 252-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған, жерасты құрылысжай объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, қоймаға жинап қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын қамтитын, "Геологиялық есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша геологиялық есеп.
  5. Өнімнің атауы, техникалық өндіріс немесе ол түзілетін процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің құрамы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі көрсетілген зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы.
  6. Кодекстің 257-бабының 2-тармағында көзделген сараптамаларды және келісуді қоса бере отырып, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы мен тарату жоспары.

Лицензияны қайта ресімдеу:

  1. Лицензияны қайта ресімдеу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы беретін жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензияны қайта ресімдеуге өтініш (портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған) бойынша жүргізіледі.
  2. Өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
  3. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.