Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

лицензияны беру кезінде:

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК

аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде – 70 АЕК

ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеу кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензияны беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы – көрсетілген өтініш түскен күнен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей

Лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні ішінде

 

Қызметтің толық атауы
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Маңызды! ҚР «электрондық лицензиялау» порталындағы жұмыс үшін ЭЦҚ браузерге импорттау қажет.

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.