Темекі өнімдеріне акциздік маркалар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" ШЖҚ РМК
"ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру" АЖ
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

темекі өнімдеріне акциздік маркалар және жүкқұжат беру - 3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Темекі өнімдеріне акциздік маркалар беру

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде pbf.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. pbf.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. "ҚР ҰБ БФ РМК есепке алу-бақылау маркаларын, акциздік маркаларды және басқа да баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру" порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Ақпараттық жүйе арқылы Қағидалардың 4 және 5-қосымшаларға сәйкес темекі өнімдеріне арналған акциздік маркаларды жасауға өтінімдер – жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей.
  2. Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес акциздік маркаларды алуға арналған өтініш.
  3. Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Алдағы жылға арналған өтінімдерді келісу, акциздік маркаларды және жүкқұжатты беру.