Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың ЖАО
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Өтінішті қарау мерзімі - 3 жұмыс күні.

Азаматтық ортақ акт жазбасының күшін жою үшін негіз болып табылатын АХАЖ АЖ-да акт жазбалары болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жібереді).

Порталда - өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою күнін белгілеу туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Қызметтің толық атауы
Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру.
  3. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті) қол қою.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында өңделген өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

Акт жазбаны жою үшін:

  1. Акт жазбасының күшін жою туралы өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Жойылуға жататын акт жазбасы негізінде берілген куәліктер (болған жағдайда).
  4. Азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою қажеттілігін растайтын құжат (бар болса).
  5. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы:​

  1. Сот шешімі негізінде акт жазбасының күшін жою туралы өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Күші жойылуға жататын акт жазбасын көрсете отырып, соттың күшін жою туралы, акт жазбасын анықтау не мемлекеттік тіркеу туралы бұрын шығарылған сот шешімінің күшін жою туралы, акт жазбасын жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтер.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мүдделі адамдардың өтініші бойынша, сондай – ақ, сот шешімі негізінде азаматтық хал актілері жазбасының күші жойылған кезде - азаматтық хал актілері жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы.

Әкелікті анықтау, бала асырап алу туралы (бастапқы жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтіре отырып), атын, тегін және әкесінің атын өзгерту туралы акт жазбаларының күші жойылған кезде - бастапқы деректері бар туу туралы қайталама куәлік, қажет болған жағдайда туу туралы анықтама.

Некені (ерл- зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының күші жойылған кезде-тиісті неке қию (ерл- зайыптылық) туралы куәлік.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.