Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

4 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Айыппұл жекелеген санаттар үшін қарастырылған

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке, оның ішінде уақытша әскери есепке қою және одан шығару (3 (үш) айдан астам) көрсетілетін қызметті алушыны тұрақты тіркелген немесе уақытша тұратын орны бойынша тіркеу кезінде жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде ғана жүзеге асырылады, сондай-ақ электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы броньдауға болады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару туралы хабарлама.

2) осы Стандарттың 9-бөлімінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап