«Бизнестің жол картасы-2025»бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1) 180 (бір жүз сексен) миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктен/даму банкінен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

2) 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктен/даму банкінен құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру

Қызметті онлайн алу үшін:

  1. Порталда авторлану  және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Банктің/Даму Банкінің кепілдік сомасының есептелуімен Қызмет алушының несиелеу мүмкіндігі туралы оң нәтижелі шешімі бар хатының электронды көшірмесін (сканерленген көшірмесін қоса тіркеу.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  5. Порталдан қызмет көрсету нәтижелері бар құжаттарды жүктеп алу және басып шығару.

Бұл қызмет онлайн кредиттер бойынша ғана 180 млн. теңгеге дейін

Қызметті «Даму» КДҚ АҚ қалай алуға болады

  1. Банктен алынатын құжаттардың тізбесіне ілеспе хат.
  2. Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізбесі немесе құжаттарды қабылдап алу-беру актісі.
  3. Банктен кредит алуға арналған өтінім.
  4. Банктің уәкілетті органының көрсетілетін қызметті берушінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепілдік, заң және тәуекелдерді басқару басқармаларының сараптамалық қорытындылары.
  5. Соңғы есепті күндегі жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық құжаттары таратылып жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (дара кәсіпкерлер үшін).
  6. Көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған жыл басындағы және соңғы есепті күндегі жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық құжаттары (заңды тұлғалар үшін).
  7. Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын таратып жазу – өткізу кірісі, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралатын кезеңдегі өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі.
  8. Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар-жоғы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп айырысу құжаттары туралы анықтама.
  9. Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржылық ұйымдардағы мерзімі өткен берешегінің (банктерден басқа, кредиттері болған кезде) бар-жоғы туралы анықтамалар.
  10. Банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер.
  11. Лицензиялар, патенттер, квоталар (өтініш беруші қызметінің түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда).
  12. Жобаны іске асыру бойынша құжаттар.
  • келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындаған жұмыстар актісі, төлем шоттары;
  • жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, реконструкциялау саласында пайдалану үшін берілген жағдайда);
  • жобаға өзі қатысатындығын растайтын құжаттар;
  • қаралатын жоба бойынша шешімдер қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар.

13. Бизнес-жоспар.

14.Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар.

15. Кредиттік келісімдер.

16. Банк атынан банк қарызы, кепілі және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Егер көрсетілетін қызметті алушы дара кәсіпкер болып табылса:

  1. Жеке басты куәландыратын құжат.
  2. Дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама.
  3. Қол қою үлгілері, мөрдің бедері көрсетілген құжат.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының/кепілгердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі.

 Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болып табылған жағдайда:

  1. Жарғы, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар.
  2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі.
  4. Банкте және көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушы атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттілігін растайтын құжаттар.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының кепілдіктер тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі.
  6. Көрсетілетін қызметті алушының кредит тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі.
  7. Бірінші басшы, бас бухгалтер қолтаңбаларының және көрсетілетін қызметті алушының мөр бедерінің (бар болса) үлгілері көрсетілген құжат.
  8. Көрсетілетін қызметті алушының/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органы отырысының хаттамасынан үзінді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама.