Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына жүгінген кезде – 1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру

Қызметті онлайн алу 

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) жолдамамен танысу және Жұмыспен қамту басқармасына жүгіну.

 

  • Қызмет Астана және Алматы қалаларының және облыстық, аудандық орталықтардың тұрғындары үшін қолжетімді.
  • "Қандас" мәртебесі бар адамдарға портал арқылы өтініш беру қолжетімсіз.
  • Өтініш беруші тіркелген жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз адам ретінде тіркелген болуы тиіс (онлайн тіркелу).

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

Кәсіптік оқытуға жолдама алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
  3. Еңбек кітапшасы (бар болса).
  4. Білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) (бар болса).
  5. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес бекітілген нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама.

"Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолдама алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Микрокредит алуға жолдама алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Жастар практикасына жолдама алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
  3. Еңбек кітапшасы (бар болса).
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжат.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алу үшін: 

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
  3. Еңбек кітапшасы (бар болса).
  4. Білімі туралы құжат (бар болса).

Қоғамдық жұмыстарға жолдама алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
  3. Еңбек кітапшасы (бар болса).
  4. Бар болса білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат).

Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін он алты жас пен он сегіз жас аралығындағы студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінішпен қоса:

  • ата-анасының бірінен немесе заңды өкілдерінен жазбаша келісімді;
  • оқу орнынан оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуына жазбаша келісімді ұсынады.

Қоныс аударуға жолдама алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
  3. Еңбек кітапшасы (бар болса).
  4. Білімі туралы құжат (бар болса).

Жеке басты куәландыратын құжаттың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, білім туралы құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға адамдарға жолдама беру, олар мыналарды қамтиды:
- кәсіптік оқытуға жолдама;
- "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолдама;
- микрокредит алуға жолдама;
- жастар практикасына жолдама;
- әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама;
- қоғамдық жұмыстарға жолдама;
- қоныс аударуға жолдама беру;

- немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.