Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және  ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

*Қызмет электрондық нысанда келесі қалалар мен аудандардың тұрғындары үшін қолжетімді: Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Арқалық, Арыс, Балқаш, Жаңаөзен, Жезқазған, Қапшағай, Қарағанды, Қаражал, Қарқаралы, Кентау, Қостанай, Көкшетау, Курчатов, Қызылорда, Лисаков, Павлодар, Петропавл, Приозерск, Рудный, Риддер, Сарань, Сәтпаев, Семей, Степногорск, Талдықорған, Тараз, Текелі, Теміртау, Түркістан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екібастұз. 

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру ұшін қажет).
  3. Жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік; балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, оқу орнынан мүгедек баланың үйде оқитындығын растайтын мәлімет, банктік шоттың нөмірі туралы.

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама.