Ұшуларды орындау құқығына арналған куәлiк беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар)

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Куәлік беру -  60 жұмыс күні

Телнұсқасын беру - 2 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Ұшуларды орындау құқығына арналған куәлiк беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар)

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

Мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтінім:

  1. 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
  2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға арналған шарт;
  3. Ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері;
  4. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
  5. Пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
  6. Әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарттарының (келісімшарттың) көшірмесі (жалға алынған әуе кемесі болған жағдайда).

Жеке тұлға жүгінген жағдайда:

Мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтінім:

  1. Әуе кемесінің, ұшу аппаратының және қосалқы құрылғының осы үлгісін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі.
  2. Азаматтық әуе кемесін, ұшу аппаратын, қосалқы құрылғыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің қолданыстағы ұшуға жарамдылығы сертификатының көшірмесі.
  3. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы Заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етуге арналған құжаттың көшірмесі.
  4. Өзінің әуе кемелерінің бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшуы кезінде ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету бойынша жасалған шарттардың көшірмесі.
  5. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық.
  6. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға арналған шарт.

Куәліктің телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысандағы өтінімді, қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті қоса береді.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.