Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Өтінім.
  2. Пайдаланушы куәлігінің көшірмелері (болған жағдайда).
  3. Әуе кемесін тіркеу туралы куәліктің көшірмелері.
  4. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының көшірмелері.
  5. Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру полисінің көшірмелері.
  6. Жүк құжаттамасының (көрсетілетін қызметті берушінің жеке сұрау салуы бойынша ұсынылады) көшірмесі.

Пайдаланушы "Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтар" ИКАО - Doc. 9284-AN/905 басылымында Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімі бойынша жіктелуі көрсетілген тізбесі белгіленген бортындағы қауіпті жүкпен халықаралық тұрақты емес ұшуды жүзеге асыру үшін:

  1. Әуеде қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына пайдаланушы сертификатының көшірмелерін;
  2. Пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің жүктің оралуы және таңбалануының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) белгіленген нормалары мен қағидаларына сәйкестігі туралы кепілдік хатының көшірмелерін ұсынады.

Мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын азаматтық әуе кемелерінің шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін:

  1. Өтінімде көрсетілген рейсті жалға алушының туроператорлық қызмет көрсетуі үшін лицензия көшірмелерін қосымша ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсат немесе қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту