Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Бекітілген бұйрыққа сәйкес.

Қызмет көрсету мерзімі

3 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу жолы

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. «Электронды үкімет» веб-порталында өтініш толтыру.
  3. Жалпы үлестік және жалпы біріккен меншік кезінде 3 күнтізбелік күн ішінде басқа иелердің, жарының электронды келісімін алу.
  4. «Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
    • Төлем тәсілін таңдау (кез келген банктің төлем карталары немесе "Сбербанк" АҚ ЕБ дербес шоты арқылы).
    • Төлем картасының/дербес шоттың барлық мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).
    • Төлемнің аяқталуы бойынша төлем туралы чек қалыптасады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады.
    • Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды.
  1. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

  2. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан қағазды алу.

Қызмет жылжымайтын мүлік тіркелген жерде көрсетіледі, сондай-ақ қызметті алушы 18 жастан асқан болуы тиіс.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтiнiш.
  2. Жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
  3. Құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру үшін төлемді растайтын құжат.

Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.