Өздігінен жүзетін шағын көлемдi кеменi жүргізу құқығына куәлiк беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

куәлік алу үшін – 3 жұмыс күні

куәліктің телнұсқасын алу үшін – 2 жұмыс күні

Қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда – 3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде.
  3. Растау құжаттарының түпнұсқаларымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару, егер куәлік алуға өтініш берсеңіз емтихан тапсыру қажет.
  4. Жеке кабинетте  шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің дайын болуы туралы хабарламамен танысу ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) (тестілеуді ойдағыдай тапсырған жағдайда).
  5. Куәлікті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүгіну.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

  1. Өтiнiш.
  2. Кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама)*.
  3. № 083/у нысаны бойынша медицинальқ анықтама.
  4. 2,5x3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет.
  5. Жеке басты куәландыратын құжат.

* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады.

Өздігінен журетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнүсқасын алу үшін:

  1. Өтiнiш.
  2. 2,5x3,5 сантиметр мөлшеріндегі бip фотосурет.
  3. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзімі өткен жағдайда өздінінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:

  1. Өтiнiш.
  2. Бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік.
  3. № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама.
  4. 2,5x3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет.
  5. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

Уәкілетті өкіл: заңды тұлға өкілеттікті растайтын құжатты ұсынады; жеке тұлға нотариалды расталған сенімхатты ұсынады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауап.