Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күні.

Куәлік беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етумен мерзім 30 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар етумен куәлік беру мерзімі 90 жұмыс күніне дейін ұзартылады.

Қызметтің толық атауы
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Әскери билет немесе архивтік анықтама.

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігін беру.

2) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.
Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты не "электрондық үкімет" мобильдік қосымшасының "Цифрлық құжаттар" бөлімінен жеке куәлігінің цифрлық құжатын (сәйкестендіру үшін) не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.