Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Айыппұл жекелеген санаттар үшін қарастырылған.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):

Он жеті жасқа толған жылы қаңтар – наурызда тіркеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде

  1. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктіжәне куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш.
  2. Жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін).
  3. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде).
  4. Аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті алушы әскери есепте тұрған ЖӘБО-дан алады).
  5. Көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).

Тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде

Тіркеу туралы куәлік бүлінген кезде

Тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Мемлекеттік корпорация» арқылы жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.