Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға жұмсалатын шығындарды өтеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «QazIndustry» АҚ
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

11 жұмыс күні

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ алуға (қажетті құжаттар):

  1. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім.
  2. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының көрсеткен қызметтерінің (жұмыстарды орындауының) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебін.
  3. Қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді.
  4. Орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесін.
  5. Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін.
  6. Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелерін. 

Қызмет көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.