Кәсіпорынның құзыретін арттыруға арналған шығындарды өтеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «QazIndustry» АҚ
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

11 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Возмещение затрат на повышение компетенции предприятия

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті "QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ - да қалай қызмет алуға болады (қажетті құжаттар):

Еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе олардың біліктілігін арттыруға, оның ішінде шетелде кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:

  1. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім. 
  2. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі. 
  3. Қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді. 
  4. Орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесі. 
  5. Орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелері. 
  6. Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем құжаттарының көшірмелері қоса беріледі. 
  7. Өтініш берушінің инженерлік-техникалық персоналын, өндірістік персоналын, оның ішінде топ-менеджерлерін кәсіптік даярлауға және/немесе қайта даярлауға және/немесе біліктілігін арттыруға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі. 
  8. Сертификаттың көшірмесі (Кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілікті арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну шартында тиісті сілтеме болған кезде). 
  9. Темір жолмен жүрген кезде – купе вагон тарифі (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, орналасуын реттейтін құрылғы орнатылған жұмсақ креслолары бар (жатын вагон) 2 орындық, сондай-ақ жүрдек пойыздардың "Турист" және "Бизнес" кластық купе вагондарын қоспағанда); су жолдары, тас және қара жолдармен – осы елді мекенде қолданылатын жол жүру құны бойынша; және әуе көлігімен – растау құжаттары бар болса, эконом класс тарифі бойынша ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде бір рет іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құнын растайтын құжаттардың көшірмелері (әкімшілік іссапарға жіберілген адамға тиісті жүріп-тұру көлігін ұсынатын жағдайлардан басқа), жол жүру билеттері мен қонақүйден орын брондап қою, сондай-ақ іссапарға баратын жеріне және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезінде төсек-орын жабдығын пайдалану құны, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде. 
  10. Инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіби даярлау және/немесе қайта даярлау (бір айдан аспайтын) және/немесе біліктіліктерін арттыру (үш айдан аспайтын) мерзімі ішінде тәуліктік шығындарды қоспағанда, жіктелімі бойынша нөмір құны – нақты шығындары бойынша стандарт, оның ішінде броньдау шығыстары бойынша жұмыскердің тұрған орнының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, аталған шығындарды растайтын құжаттары болған кезде.

Шетелдік жұмыскерді тартуға жұмсалған шығындардың өтемін алған кезде:

  1. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім. 
  2. Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орындаушының қызметтер көрсету (жұмыстарды орындау) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі. 
  3. Өтініш беруші мен тартылған шетелдік қызметкердің арасында жасалған еңбек шартының көшірмесі (өнімді (көрсетілетін қызметтерді) жылжыту мақсатында шетелдік қызметкерді тартқан кезде-еңбек шартының немесе ақылы қызмет көрсету шартының көшірмесі). 
  4. Тартылған шетелдік қызметкерге еңбек шартына сәйкес еңбек төлемін растайтын төлем құжаттарының, есеп айырысу ведомостарының, төлем ведомостарының (бар болса), заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген өзге де құжаттардың көшірмелері (бар болса) (ақылы қызмет көрсету шартын жасасқан кезде – төлем құжаттардың, тартылған шетелдік қызметкер көрсеткен қызмет актісінің(тарының) көшірмелері). 
  5. Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкердің білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері. 
  6. Экономикалық сынып тарифі бойынша – әуе көлігімен бір рет қызметтер көрсету орнына бару және тұратын орнына кері қайту жолының құнын растайтын құжаттардың көшірмелері, растайтын құжаттары бар болатын кезде; жол жүру билеттерін брондау, сондай-ақ іссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына кері қайту кезіндегі жол жүрулерде төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны, осы шығыстарды растайтын құжаттар бар болатын кезде. 
  7. Өтініш берушінің өтінімі бойынша тартылған шетелдік қызметкердің шығындарын өтеу кезеңіне сәйкес келетін салық есептілігі ұсынылатын салық кезеңі үшін 200-02 "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу" (Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға 2-қосымша) нысанының, уәкілетті органның құжатты қабылдағандығы туралы белгісі бар барлық толықтыруларымен бірге көшірмесі. 
  8. Тартылған шетелдік қызметкердің жеке басын куәландыратын белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі. 

 

 

 

 

 

 

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Шығыстарды өтеу туралы келісім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.