Экспорттық операцияларды қаржыландыру (резиденттер және бейрезиденттер үшін)

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлға-экспорттаушылар немесе ұйымдар – мақсаты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты, сондай-ақ ҚР аумағында шығарылатын өнімдердің экспорты болып табылатын операцияларды жүзеге асыратын ҚР резиденттері
Заңды тұлға - бейрезидент экспорттық операцияны іске асыру мақсатында банктік қарыз, кредиттік желі түрінде Банк қызметін алу үшін банкке жүгінген тұлға
Қызметті ұсыну тәсілдері
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
Қызмет құны

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұсынатын қызметтерге тарифтер «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың ішкі актілеріне сәйкес Банктің уәкілетті органының шешімімен белгіленеді»

Қызмет көрсету мерзімі

резиденттер үшін:

экспорттық операцияны қараудың екі кезеңінде құжаттардың толық пакетін тапсырған сәттен бастап - 65 жұмыс күнінен бастап (осы мерзім жобалардың стандартты санатына қолданылады)​

бейрезиденттер үшін:

құжаттардың толық пакетін тапсырған сәттен бастап - 103 жұмыс күнінен бастап (осы мерзім жобалардың стандартты санатына қолданылады)

Қосымша

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178 Заңы;

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ несие саясаты туралы меморандум.

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде digital.baiterek.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. digital.baiterek.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да алу (өтініш беруші-резидент үшін қажетті құжаттар):

қараудың 1-кезеңінде:

1) сауалнама-өтініш (Банктің веб-сайтында орналастырылған А-041 нысаны бойынша);

2) қызмет көрсетуші банктердің өтініш берілгенге дейін 30 күннен кешіктірілмей берілген анықтамалары (соңғы 12 айдағы есеп айырысу шоттары бойынша орташа айлық Кт айналымы туралы, өтініш берушінің банктердегі барлық ашылған шоттарындағы қалдықтар туралы, несие берешегі (соның ішінде мерзімі өткен) мөлшері туралы /немесе берешектің жоқтығы туралы, №2-картотеканың бар/жоқ болуы туралы ақпаратты көрсете отырып);

3) өтініш берушінің кредиттік есепті алушыға (Банкке) ол туралы кредиттік есепті беруге келісімі.

қараудың 2-кезеңінде:

  1. Өтініш берушінің соңғы 3 жылдағы және соңғы есепті күнге (шоғырландырылған және жеке), өтініш берушінің қатысушыларының/акционерлерінің (егер олар заңды тұлғалар болып табылса) және кепілгер-заңды тұлғалардың (кепілгерлер экспорттық операцияларға қатысқан жағдайда) қаржылық құжаттары: 

  • № 1-нысан (бухгалтерлік теңгерім),
  • № 2-нысан (кіріс және шығындар туралы есеп),
  • № 3-нысан (ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп),
  • № 4 -нысан (отчет об изменениях в собственном капитале),
  • Банктің талаптарына сәйкес қаржы есептемесіне түсіндірме жазба (К-060 нысаны бойынша),
  • кезең ішіндегі ақша қаражатының өзгеруінен 5%- дан астамын құрайтын ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп баптарының толық жазылуы,
  • аудит міндетті болып табылатын заңды тұлғалар үшін аудиттелген қаржылық есептілік.
  1. Дайындалған күні көрсетілген, бірінші басшы, бас бухгалтер/қаржы директоры қол қойған және өтініш берушінің мөрімен расталған, Банктің интернет-ресурсында орналастырылған Банк талаптарына сәйкес дайындалған, Банктің интернет-ресурсында орналастырылған Банк талаптарына сәйкес және (немесе) нысан бойынша қаржы-экономикалық моделі қоса берілген бизнес-жоспар және (немесе) техникалық-экономикалық негіздеме.
  2. Банктің интернет-ресурсында орналастырылған Банктің ұсынымдарына сәйкес жасалған өтініш берушінің өнімін/қызметтерін сатуға арналған шарттар, өтініш берушінің өнімін сатып алуға арналған шарттар/ off-take шарттары.
  3. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге, оның ішінде экспорттық операцияны іске асыру шеңберінде жасалатын және Банктің қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын және Банктің интернет-ресурсында орналастырылған Банктің талаптарына сәйкес жасалатын шарттар және/немесе алдын ала шарттар.

Егер қарызды игеру Банк, ЕДБ және өтініш беруші жасасатын төлемдер мен аударымдар туралы келісім (агенттік келісім) шеңберінде ЕДБ арқылы болжанса, көрсетілген құжаттар талап етілмейді.

  1. Өтініш берушінің/кепілгердің, өтініш беруші/кепілгер қатысушыларының/акционерлерінің және өзге де тұлғалардың (экспорттық операцияға қатысқан жағдайда) құжаттары:
  • заңды тұлғаның (ҚР бейрезиденттері үшін) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжат, орналасқан жерінің мекенжайын растайтын құжаттар (ҚР бейрезиденттері үшін);
  • барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге құрылтай құжаттары (жарғы, бар болған жағдайда құрылтай шарты), тіркеуші ұсынатын акционерлердің/қатысушылардың тізілімі (тізілімнен үзінді), негізінде бенефициарлық меншік иесі белгіленетін басқа да құжаттар;
  • ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес өтініш берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
  • заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иелерінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттар (көрсетілген деректер акционерлер (қатысушылар) тізілімінің үзінді көшірмесінде болған жағдайларды қоспағанда) ;
  • қаржылық және басқа құжаттарға қол қою құқығымен басшы лауазымына кірісу және бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық;
  • заңды тұлғаның бірінші басшысының және заңды тұлғаның бас бухгалтерінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттар;
  • жеке тұлға (кепілгер, өтініш берушінің/кепілгердің қатысушылары/акционерлері) үшін - жеке тұлғасын куәландыратын құжаттар;
  • егер ҚР-да ратификациялаған халықаралық шарттарда басқасы қарастырылмаса (ҚР бейрезиденті - өкілдері үшін), ҚР бейрезиденті - жеке тұлғаның ҚР аумағына келу, кету және болу құқығын ҚР уәкілетті органдарында тіркеуді куәландыратын құжат;
  • экспорттық операцияны арнайы мақсаттағы  компания немесе «жобалық компания» жүзеге асырған жағдайда өтініш беруші қатысушыларының/акционерлерінің кредиттік есепті алушыға (Банкке) олар туралы кредиттік есепті беруге келісімі;
  • кепілгердің кредиттік есепті алушыға (Банкке) ол туралы кредиттік есепті беруге келісімі.
  1. Банктің интернет-ресурсында орналастырылған «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тағы жобаларға заңдық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесінде қарастырылған тұлғалардың құқықтық мәртебесі бойынша құжаттар (Б-081).
  2. Банктің интернет-ресурсында орналастырылған «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тағы жобаларға заңдық сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесінде қарастырылған кепілзаттық қамтамасыз ету бойынша құжаттар (Б-081).
  3. Экспорттық операция шеңберінде қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат беру құжаттамасы (егер өтініш берушінің қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру процедурасы арқылы жүзеге асырылған жағдайда).
  4. Уәкілетті тұлғалардың қол қою үлгілері және өтініш берушінің мөр бедері бар нотариалды куәландырылған карточка.
  5. Құқықтық сараптама бойынша сыртқы бағалау (қажет болған жағдайда).
  6. Бағалау жүргізуге арналған техникалық тапсырмаға және Банктің ұсынымдарына сәйкес жасалған қамтамасыз етуге ұсынылатын мүліктің нарықтық құнын және/немесе кепілгердің кепілдік қабілеттілігін анықтау туралы сыртқы бағалау.
  7. Өтініш берушінің қызмет көрсететін банктерінен соңғы 12 айдағы есеп айырысу шоттары бойынша орташа айлық айналымдары көрсетілген несиелік/мерзімі өткен берешектің, №2- картотеканың бар/жоқ болуы туралы анықтамалар (банктік сараптама шартына қол қойылған күннен бастап 15 жұмыс күнінен кейін ұсынылады).

Ескерту: Осы құжаттар тізбесі минималды болып табылады және Банк банктік сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.

Қызметті «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да алу (өтініш беруші-бейрезидент үшін қажетті құжаттар):

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қою