Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым

Жабу Көрсету Қызмет паспорты

Төлемнің атауы

Жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру үшін мемлекеттік баж алым


Төлем көлемі

1,25 АЕК

Портал арқылы төлем жасаған кезде комиссия - 100 тг


Қаржыны есептеу

Қазына есебінен ақша аудару банкте 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қате есептелген қаржыны қайтару тәртібі ҚР Салық кодексінің 102-108-бабына сәйкес анықталады.


Қосымша

Чектерді тексеру сервисі арқылы онлайн төлем портал, банк терминалы немесе «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы жүргізілгеніне көз жеткізуге болады.

Оқыту роликтерін қарау

Қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу.

Ескерту: Интернет-транзакцияларын жүргізу қауіпсіздігі мақсатында кейбір банктер төлем карталарына лимиттер немесе қосымша кодтар белгілейді. Егер онлайн төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса Банктегі менеджеріңізге жүгіне аласыз. 1 күн ішінде 3 транзакциядан артық жасауға болмайды.

* Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 36-б. 1-т. сәйкес салық міндеттемелерін орындауды салық төлеуші дербес орындайды, сол себепті салық және өзге де төлемдерді бюджетке төлеуде аталмыш картаның салық төлеушінің атына ресімделгеніне көз жеткізу қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жүргізуші куәлігін алу және айырбастау үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы электрондық чек