Дәрігерді үйге шақыру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
ҚР азаматтары
Қызметті ұсыну тәсілдері
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 10 минуттан аспайды

Порталда - кемінде 30 минут

Мемлекеттк көрсетілетін қызмет жүгінген күні көрсетіледі.

Қызметтің толық атауы
Дәрігерді үйге шақыру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Электрондық сұраныстың өрістерін толтырыңыз.

Қызметті алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар​да алу (қажетті құжаттар)

  1. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

Қызмет көрсету нәтижесі

1. Тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыртуларды тіркеу журналында жазу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру.
2. ЭҮП-ке электрондық форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.

Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.