Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

лицензиялар беру үшін - 20 АЕК

лицензияларды қайта ресімдеу үшін - 2 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

лицензиялар беру - 15 жұмыс күні;

лицензияларды қайта ресімдеу - 3 жұмыс күні;

Қызметтің толық атауы
Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру.